Ел білімді жастарға сенім артады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегінде "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен жақында танысып шықтым. Жолдау жалпы қазақстандықтарға арналған. Мен үшін ел Президентінің білім беру жүйесі туралы айтқаны көңіліме қонды.
Әрине, білімді ұлт, сапалы білім-болашақтың кепілі. Табысты ұлт болуға кепіл болар сапалы білім балабақшадан бастау алып, орта мектепте іргетасы қаланады. Бүгінде ол үшін мектептерде ыңғайлы орта, қолжетімді интернет, жаңа технологиялар іске қосылуда. Мен - елімнің болашағымын. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде саналы тәрбие алумен қатар, өз тілімді қастер тұтып, ұлтымыздың салт-дәстүріне, өткеніне құрметпен қараймын.

Президент Жолдауында атап өткеніндей, болашаққа алаңсыз қадам басу үшін мен елім сенім артқан, ата-анам сенім артқан, мектебім сенім артқан биіктіктен көрінуім үшін жан-жақты ізденіп, білім алудан жалықпаймын. Өзім секілді жоғары сынып оқушыларын да бар мүмкіндікті пайдаланып, білім алу жолында талмай еңбек етуге шақырамын. Әділетті Қазақстан біздердің әрқайсымыздың білімді, әділетті, болашағына сенімділігімізбен құрылады.

Каусар АРЫСТАНБЕКҚЫЗЫ, 9-сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521