ken-zhyloi.kz
2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.
«Теңізшевройл» ЖШС-мен автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Атырау облысы бойынша экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады.