Екі округте жер игерілмей жатыр

Аманат партиясы
Аманат

«Amanat» партиясының бастамасымен «Жер аманаты» жобасы жүзеге асуда.

Осы бағдарлама аясында игерусіз жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда. «Жер аманаты» комиссиясы Мемлекет басшысының ірі жер иелерін сынауынан кейін құрылған еді. Бүгінде  қараусыз және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет иелігіне қайтарумен айналысуда.

Таяуда «Amanat» партиясы филиалының конференция залында партия мүшелерімен  кездесу өтті. Бас қосуды аудандық «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Шынаргүл Темірбаева жүргізді. Кездесу барысында «Жер аманаты» бағдарламасы аясында игерілмей қалған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қозғалды. Республика деңгейінде жүріп жатырған қарқынды бақылау мен анықталған жерлер туралы айтылды.
Игерілмеген жер телімдерінің біразы ауданымыздағы Жем округі мен Қара -Арна округтеріне қатысты. Жиынға қатысқан округ әкімдерінің мәлімдеуінше, барлығы бақылауда және үкіметке кері қайта қайтарылған.

Айта кету керек, бүгінде пайдаланылмай жатқан 5,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 3 млн гектардан астамы «Жер аманаты» комиссиясының
араласуымен қайтарылды. Жер дегеніміз - жапан дала, тау мен тас емес, ұқсата білгенге пайданың көзі. Сондықтан да «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы алға қарай
қарқынды түрде жалғаса бермек.


А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521