Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасағанын атап өтті. «Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады.
Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтілуі керек»,-деді Президент. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғары кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған. Бұл құжат қабылданған соң мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастар дербестігі мен мемлекеттік рәміздер бекітілді. Бұл құжат еліміздің тәуелсіздігіне жасалған алғашқы нық қадам болды. Сол қабылданған құжатта алғаш рет Қазақстанның саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды.
Онда ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтыны, дініміз бен діліміз, түрлі этнос өкілдерінің төл мәдениеті, салт- дәстүр, ұлттың қадір-қасиеті ерекше маңызға ие болып Қазақстанның маңызды міндеттері ретінде айтылды.Республиканың саяси, экономикалық, мәдени, әкімшілік мәселелері дербес шешілетіні жөнінде де баяндалды. Сол кезден бастап еліміздің егеменді елге айналуына, дербес мемлекет болуға алғышарттар жасалды. Қазақстанның алғышарты, дербестігі, мемлекеттік бюджеті мен аумағы (териториясы) бекітілді. Содан 1991 жылы Тәуелсіздігіміз жарияланып, «Қазақстан Республикасының мерекелік күндері туралы» заңымен Республика күні белгіленді.
Осылайша, 1992 жылдан бастап Республика күнін тойлау үрдіске айналды. Десе де, бұл мейрам мемлекеттік мерекелер тізіміне 2001 жылы ресми түрде енді. Ал 2009 жылы ҚР заңына өзгерістер еніп, бұл мерекенің орнына 30-
тамыз Конституция күні жарияланды. Аталмыш мереке осылайша мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып, әдеттегідей жұмыс күніне айналды.
А.Таубаева
Толығырақ "Кең Жылой" газетінен оқи аласыз