«Еңбегіміз өз нәтижесін беріп жатыр»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында қарапайым халық пен билік арасындағы көпірді берік ұстанатын мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысында барынша ашық болғаны дұрыс екендігін жеткізген еді. Осы орайда еліміздің әр аумағында әкімдік қызметкерлері жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, халықтың сеніміне сызат түсірмеуде. Бүгінде аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Алмат Теміржанов та ел Президентінің Жолдауынан туындаған міндеттемелерге сәйкес газет тілшісіне сұхбат берген еді.

- Алмат Маратұлы, өзіңіз білетіндей аудан тұрғындары әкімдік ішіндегі жүйеге жиі қызығушылық танытады. Қазіргі таңда аудан әкімдігінде жалпы штат бірлігі қанша? Аудан әкімдігіне қарасты қандай мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді?

- Жалпы аудан бойынша 109 адам жұмыс жасайды, оның ішінде аудан әкімі аппаратында 19 мемлекеттік қызметші бар. Аудан әкімдігіне қарасты 1 қала, 1 кент, 5 ауылдық округ және 5 дербес бөлім бар. Атап айтсам, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі болып тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетуде. Ал Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39\НҚ бұйрығына сәйкес барлығы 1323 мемлекеттік қызмет түрі бекітілген болса, ауданда соның 75 түрі ұсынылады.

- Түсінікті. Жыл аяқталуға жақын. Биыл ауданымызда қанша көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлерінің нешеуі қағаз түрінде, қаншасы "Е-Лицензиялау”, “Электронды үкімет” веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асты?

- Ауданда жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2024 жылдың 11 айында 37 783 (2023ж.-33 174) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл халықтың құқықтық сауаттылығының, жаңа өзгерістерге бейімделгенін, өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ала алатынын көрсетіп отыр. Оның қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 18 (47,37), «Электрондық үкімет» веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі бола тұрса да, қызметті берушілермен баламалы түрде көрсетілгендер – 872 (86,0%), Мемлекеттік корпорация арқылы – 10256 (7,36%), электрондық түрде көрсетілген қызмет саны – 26 637 (93,08%) құрайды. Және “Электронды үкімет” веб-порталы арқылы – 12294 (93,12), "Е-Лицензиялау” арқылы – 4087 (81,62%) қызмет көрсетілген. Қазіргі таңда қызметтерді электрондық түрде алу уақыт талабы болып отыр. Электрондық форматтың артықшылығы жетерлік. Адамдар қызметтерді онлайн алу арқылы әкімшілік кедергілерді азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелінің, адами факторлардың алдын алады және өздерінің уақытын, қала берді қаржысын үнемдейді.

- Биыл ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді ме? Мұнда мемлекеттік қызметтерге қатысты заң бұзушылық деректері анықталды ма?

- Мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар өз қызметінің сапасын арттыруға басты назар аударуы керек. Және қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Дегенмен, кейбір мемлекеттік мекемелер тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуына жол беретіндігі жасырын емес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» қағидасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу мақсатында осы кезеңде аудан әкімі аппаратымен 8 ішкі бақылау іс-шаралары қолға алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 11 ретті көрсеткен. Ішкі бақылау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен басқа 12 бұзушылық анықталды және ішкі бақылау тексеру қорытындысымен жергіліктің атқарушы органдар басшыларына 17 ұсыным беріліп, қызмет көрсетуге жауапты 2 маманға тәртіптік шаралар қолданылды. Күні бүгін берілген барлық ұсынымдар толығымен орындалды. Ал өткен 2023 жылы бұл сан 31-ді көрсеткен еді. Демек өткен жылмен салыстырғанда еңбегіміз өз нәтижесін беріп жатыр деген сөз.

- Өте жақсы. Ал мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру бағытында қандай іс-шаралар ұйымдастырылды?

- Биылғы жылдың 11 айында аудандық «Кең Жылыой», «Құлсары» газеттерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында 11 мақала жарық көрді. Әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында 9 мақала, 62 хабарлама, 188 мәрте бейнероликтер және облыс әкімдігінің «atyrau.gov.kz» ресми интернет ресурсында 2 мақала жарияланды. «Цифрлық Агент» мобильдік қосымшасы туралы бейнеролик мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерде, аудандық әкімшілік парақшаларында және кент, ауылдық округ әкімі аппаратының «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде 66 рет таратылды. Өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышын насихаттау мақсатында 66 рет түсіндірме жұмысы, 4 жиналыс, 7 қоғамдық кеңес отырысы, 10 жәрмеңке, 4 «дөңгелек үстел», 15 тікелей эфир өткізілді. Сондай-ақ 3 рет «Ашық есік күні», бір рет «Жалғызбасты карттар мен мүгедек балаларға арналған аумақтық орталықта» аналармен кездесу өтті. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері туралы кент, ауылдық округ тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары әрі қарай жүргізілуде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындарға түсіндіру, насихаттау және ақпараттандыру бағытында «Сіз мемлекеттік қызметтер алу кезінде өз құқықтарыңызды білесіз бе?», «Пара беру бас бостандығыңнан айырады» атты 550 дана брошюра таратылды. Жалпы биылғы жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

-Уақыт тауып сұхбат бергеніңізге рақмет. Ел үшін сіңірген еңбектеріңізге алдағы жылы да жетістіктер тілейміз.

Сұхбаттасқан Д.ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT