Ең жоғарғы төлем - 73 370 теңге

Министр барлық көпбалалы отбасыға жәрдемақы беруді ұсынды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасының барлығына бірдей табыс көлеміне қарамастан 42 500 теңгеден беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында министр Қазақстанда балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасы мүшесі екенін айтты.

"Осыған байланысты көпбалалы отбасылар құрамынан атаулы әлеуметтік көмек алатындарды шығарып, оларға табыс көлеміне қарамастан қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін арттырып, материалдық жағдайын жақсартады", - деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, жәрдемақы көлемі сараланады. Төрт баласы бар отбасы айына 42 500 теңге алады. Бала көп болған сайын жәрдемақы да көбейеді, ең жоғарғы төлем - 73 370 теңге.

Kaz.tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521