Құлсары қаласындағы 259-шы дауыс беру учаскесіне ең жас сайлаушы келді. Ол - Нұртан Сұлтанұлы. Т.Байсырымов атындағы колледждің 2-курс студенті биылғы шілде айында кәмелеттік жасқа толған еді. Енді, міне сайлау науқанында дауыс беруге құқы бар азамат ретінде референдумда өз таңдауын жасады.
-Бұл жалпыұлттық референдумға әр тұрғын өз үлесін қосуы керек деп есептеймін. Мен де елімнің азаматы ретінде өзімнің азаматтық пікірімді білдірдім,- дейді ол.
Жас сайлаушы Нұртан Сұлтанұлына референдум комиссиясының атынан арнайы сыйлық берілді.
П.Қизатова