«ҮЕҰ мектебі» бағдарламасы басталды

ken-zhyloi.kz

22 ақпанда Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Орталық Азияның Еуразия Қоры «Теңізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен «ҮЕҰ мектебі» бағдарламасын бастады.

Мақсаты – ұйымның институционалды дамуы арқылы жергілікті ҮЕҰ-дың потенциалын күшейту.

Ұйымның институционалды дамуы – ҮЕҰ-ның ұйым ретінде дамуына бағытталған оқулар, тағылымдамалар және гранттар.

Қазіргі уақытта ҮЕҰ-ға гранттар негізінен жобалар үшін беріледі. Біздің оқулар фандрейзинг, жобаларды басқару, мониторинг және бағалау, қаржыны және адами ресурстарды басқару сияқты салаларды қамтиды.

Нәтижесінде ҮЕҰ-дар ұйым ретінде өсіп, халықаралық стандарттар деңгейінде жобалар жазуды, тапсыруды және есеп беруді үйренеді.

Сіздерді ҮЕҰ мектебіне қатысу шарттары түсіндірілетін кездесулерге шақырамыз.

Егер сіз өз ұйымыңызды жетілдіруге және дамытуға дайын болсаңыз, "Жастар" үйіне кездесуге келіңіздер:

23 ақпан - Қоғамдық кеңістіктер жобасының ынталы топтары және жаңа ҮЕҰ-дар;

24 ақпан - қызығушылық танытқан адамдар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз