Е. ҚИЯСОВ: ЕЛІМІЗ COVID-19 АУРУЫ БОЙЫНША «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»

ken-zhyloi.kz

24 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 209 563 науқастан Covid-19 анықталған және 49 047 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелді.

КВИ+ диагнозымен 193 679 науқас және КВИ жұқтырған 41 210 пациент сауығып кетті.

Бұл туралы бүгін, 24 ақпанда ОКҚ алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов хабарлады.

«Соңғы екі аптада КВИ сырқаттанушылық деңгейі 1,2 есеге төмендеді ( 16 969-дан 11 476 дейін). Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы «жасыл аймақта» тұр. Бүгінде ешбір өңір «қызыл аймақта» қалған жоқ», - деді Е.Қиясов.

Бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, сары аймақта 5 өңір бар - Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Қалған 12 өңір де жасыл аймақта орналасқан.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT