ҮЕҰ-ға арналған «QOLDAY» облыстық байқауына өтінім қабылдау жүргізілуде

.

Өңірдің әлеуметтік саясатын жүзегеасырудағы үкіметтік емес ұйымдардыңбелсенділігін арттыру және жобаларынақолдау көрсетуге бағытталған «Qolday» облыстық байқауына өтінім қабылдануда.Жобаны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-сі ұйымдастыруда.

Өтінімдер 2025 жылдың 9 шілдесінен бастап, 8 тамызына дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Конкурсқа Атырау облысында тіркелгенүкіметтік емес ұйым қатыса алады. Өтінімдер Конкурс ережесіндегі №1, №2 және №3 қосымшаларға сәйкес рәсімделіп, жоба туралы көлемі бес беттен аспайтын презентациямен бірге қабылданады..

Байқаудың толық ережесімен www.atyraunpo.kz сайтында танысуға болады.

Түсетін өтінімдер арнайы құрылған комиссиямен қаралады. Нәтижесінде,жеңімпаз атанған 6 үкіметтік емес ұйымның әрқайсысына 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмерлері: 8 702 595 60 48; 8 778 253 37 93

 

Анықтама үшін:

«Qolday» жобасы алғаш рет 2021 жылы жүзеге асырылды. 2024 жылды қоспағанда, жоба жыл сайын өткізіліп келеді. Жоба аясында жалпы саны 15 жоба қаржыландырылды. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылы әрқайсысына 500 мың теңгеден 3 жоба, 2022 жылы 1,5 млн теңгеден 6 жоба және 2023 жылыәрқайсысы 1,8 млн теңгеден 6 жоба қолдау тапты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT