“Ең бірінші адамгершілік, содан кейін парасаттылық керек…”

.

Қара Арна ауылдық округі әкімінің сайлауы өз деңгейінде өтуде. Дауыс беруге ауыл үлкендері, зейнеткер мұғалімдер мен ардагерлер көптеп келуде. 
     Сайлауда байырғы Қара Арна ауылы әкімінің орынбасары Серік Сеңгірбай да төбе көрсетті. 10 жылдан астам ауыл басшылығында қызмет қылған ол жас әкімнің бойынан табылу керек маңызды қасиеттерге тоқталды.
     -Әкім болу үшін ең бірінші адамгершілік, содан кейін парасаттылық керек. Бұл қасиеттерді ешқандай да білім ордасы бере алмайды. Әкім “халқым” деп тұрса ғана еліне сыйлы болады. Соған сәйкес дүйім жұрттың ризашылығымен, батасымен өсіп-өркендейді. Сондықтан, болашақ ауыл басшысының тәртіпті қатаң сақтап, адал болғанын қалаймыз және сондай болады деп сенеміз. Әрине, ауыл әкімі сайлауы жергілікті халық үшін өте маңызды болуы керек. Мұндай жиынға ел сабылып келіп, өз дауысының маңыздылығын сезіну керек,-дейді ол өз сөзінде.
     Бұл ретте таңғы сағат 07:00-де басталған сайлауға екі сағат ішінде 100-ден астам сайлаушы дауыс бергенін ескерте кетейік.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT