Құлсары қаласындағы №7 Е.Халықов атындағы мектепте орналасқан №95 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Мұнда тіркелген 2000-нан аса қала тұрғыны дауыс береді деп жоспарланған еді. Осыншама тұрғынның арасынан референдум учаскесінің есігін алғашқы болып ашып, еліміз үшін аса маңызды оқиғаға байланысты өз дауысын ең бірінші болып берген қала тұрғыны 66 жастағы Мұңал Қаракульчиков болды. Оның айтуынша референдумның қорытындысы еліміз үшін маңызды болмақ. Өз сөзінде Мұңал аға:
-Мен сайлау сайын алғашқы болып дауыс беретіндердің бірімін. Қазір орталық ауруханада күзет қызметінде жұмыс жасаймын. Отбасымыздан 3 адам бұл референдумға дауыс береді. “Атырау-жарық” мекемесінде 10 жыл жұмыс жасадым. Сол үшін бұл жоба бойынша хабарым бар-дейді.
Айта кетейік, ауданымыз референдум учаскесінің саны 24. Соның ішінде № 237 сайлау учаскесі халықтың өз дауысын беруге барлық жағдайды қамтамасыз етіп, ұйымдастырушылардың мықты дайындығын бір дәлелдеді.
Диана Ізбасарқызы