Құдықтардың аузы бекітілсе...

6-учаскеде жалғыз 5 қабатты үй бар. Осы үйдің маңында кәріз суы жиналатын 3 бірдей құдық тұр. Құдықтардан ассенизатор көліктер әлсін-әлсін кәріз суын алып кетеді.

6-учаскеде жалғыз 5 қабатты үй бар. Осы үйдің маңында кәріз суы жиналатын 3 бірдей құдық тұр. Құдықтардан ассенизатор көліктер әлсін-әлсін кәріз суын алып кетеді.

 Ендігі айтайын деген мәселеміз, осы құдықтардың аузы бекітілмей тұр. Аузының ені 1 метрден асады. Оның үстіне құдықтың қақпағын ернеуімен дәлме-дәл етіп темір кесіп, қақпақ жасап қойған. Суды алғаннан кейін қақпағының үстіне бір таспен ғана бастырып кетеді. Егер де ойнап жүрген балалар жаңағы қақпақтың бір шетін басып кететін болса, құдыққа түсіп кету қаупі бар. Құдық - терең. Оның ішінен бала түгілі ересек адамның да шығуы екіталай. Сондықтан қауіптің алдын алып, осы құдыққа жауапты мекеме қақпағын дұрыстап бекітсе дейміз.

Бір топ қала тұрғындары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз