Достары үй салып берді

Тұрғызба ауылында тұратын 24 жастағы Абай ата-анасынан ерте айырылған. Бірақ тағдыр оған жанашыр достарды үйіп-төгіп берген екен.

Жастайынан әке-шешесінің мейірімін көрмесе де, ол – құрдастарының ерекше қамқорлығын сезініп жатқан жігіт. Міне, мына жап-жаңа үйді Абайға бала кезінен бірге өсіп келе жатқан достары салып берді.

Ежелден қазақ мұндай қайырымдылық істі «асар» деп атайды. Бір адамның өнбей жатқан ісін ағайын-тума, көрші-көлем, дос-жаран «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бітіріп беретін болған. Ол үшін ақы алмайды. Міне, ауылдағы жетім балаға жолдастары үй салып жатса, бұл нағыз қанымызға сіңген асардың көрінісі емес пе?

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT