ӨТКЕН АПТАДА АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА «РУХАНИЯТ – ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҚТЫҢ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге «Шапағат» қоғамдық қорының теолог-маманы Ислам Мұхаметұлы арнайы қатысты. Кездесуде сондай-ақ, аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің мемлекеттік қызметкерлері де болды.
Кездесу барысында «Діни әдебиеттер», «Діни сауаттылық пен медиа сауаттылықтың маңызы», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізер теріс ықпалы қандай?» және «Елдің жарқын болашағы үшін әр сала маманы өзіндік үлесін қоса алады» атты тақырыптар төңірегінде ой қозғалды.
Мұндай кездесулер тек аудандық әкімдікте ғана емес, өзге де мекемелерде ұйымдастырылды. «Шапағат» қоғамдық қорының теолог-маманымен Жылыой мұсылмандар мешітінің жамағаты, аудандық жұмыспен қамту орталығының қоғамдық қызметкерлері және шетелде діни білім алып жүрген студенттердің жақын туыстары, пробация есебінде тұрған азаматтар кездесіп, пікірлесті.
Ш.ХАМИТОВА