18-19 қаңтарға қараған түні православие әлемі «Крещение Господне» діни мерекесін атап өтеді. Бұл мерекеде дәстүр бойынша тұрғындар ойықта шомылады. Жыл сайын Атырау облысында мұзды ойыққа түсуге ниет білдірушілер саны артып келеді, өйткені тазартылған су емдік қасиеттерге ие болады деп саналады. Атырау облысының аумағында келесі мекен-жайлар бойынша арнайы белгіленген 7 суға түсу орны анықталды:
1) Атырау қ.: "Малибу" жағажайы, Жайық өзені;
2) Атырау қ.: "Орал" мейрамханасының тұсы, Жайық өзені;
3) Атырау қ.: Ғазиз Жұбанов көпірі (Мечников көпірі), Жайық өзені;
4) Индер ауданы: Индербор кенті Арна көшесі бойында, Жайық өзені;
5) Махамбет ауданы: М. Шоқпаров көшесі бойында, Жайық өзені;
6) Жылыой ауданы: Құлсары қаласы, Береке ш/а, Қамыскөл көлі;
7) Құрманғазы ауданы: Құрманғазы ауылы, Шарон өзені.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 70-тен астам құтқарушысы, 10 бірлік техникасы діни мереке кезінде жабдықталған орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Құрметті тұрғындар!
Жайық өзенінде мұздың қалыңдығы бүгінгі күні 10-13 сантиметрді құрайды, орта жерлері толық қатпаған. Қасиетті суға шомылғысы келетін тұрғындар мұздағы қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануы қажет!
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылардың бақылауымен арнайы жабдықталған ойықтарда ғана суға түсуге шақырады!
* Алкогольдік ішімдік ішіп немесе суық тию, тұмау, басқа аурулар кезінде ойыққа түспеңіз.
* Егер сізде жүрек ауруы немесе қанайналым жүйесі бұзылса, алдымен дәрігерден кеңес алыңыз.
* Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
* Жалпы гипотермияны болдырмау үшін мұзды ойықта бір минуттан артық болмаңыз.
* Әл-ауқаттың күрт нашарлауы кезінде медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға дереу хабар беріңіз.
Атырау облысы ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы