Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәселелерге тоқталған еді. Ерекше назар аудартқан тұс – өңірлердің дамуына байланысты мәселелер. Қазақстанның әр аймағы өзіндік ерекшелігімен, әлеуетімен дараланады.
Сондықтан жергілікті жерде халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар қолға алынуы тиіс.
Президент ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жаңғырту, жастарды ауылға тарту, заманауи жұмыс орындарын ашу қажеттігін баса айтты. Бұл ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтуға, ауыл тұрғындарының әлеуетін толық ашуға жол ашады.
Сонымен қатар, Жолдау елдің рухани дамуына да ерекше мән берді. Ұлттық бірегейлікті сақтау, мәдениет пен дәстүрді дәріптеу – ұлттың іргетасы екенін Мемлекет басшысы нақты атап өтті. Бұл – қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық тамырымызды жоғалтпай, әлемдік өркениетке қадам басудың кепілі. Білім беру жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған міндеттер де – болашаққа жасалған үлкен қадам. Әсіресе ғылымды қолдау, жас зерттеушілерді ынталандыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау – еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырмақ.
Қала тұрғыны Алия Орынбасарова