Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының
Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен
5 ақпан күні «TOMIRIS» көшбасшы қыздар жобасы аясында
«Әділет пен жауапкершілік жолындағы көшбасшы әйелдер» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет ететін көшбасшылық рөлін насихаттау, жастарға шабыт беру, жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын нығайту және саналы көшбасшылыққа бағыт беру.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында:
зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімініңбастығы, полиция подполковнигі
Райса Зинелғабиденқызы Айтжанова;
Гүланда Урынбасарқызы болды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарғанақты жауап алып, мемлекеттік қызмет пен құқыққорғау органдарында жұмыс істеудің қыр-сырыменжақын танысты. Спикерлер жеке тәжірибелеріненмысал келтіріп, жастарға адал еңбек ету, әділдіктібасты қағида ретінде ұстану және үздіксіз білімалудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысында аталған іс-шараныңжастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығынкүшейтуге және қоғам алдындағы жауапкершіліксезімін қалыптастыруға оң ықпал ететіні атап өтілді. Қатысушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта осындай мазмұнды кездесулердіжалғастырудың маңыздылығын жеткізді.



