Депутат оқушыларға қол ұшын берді

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Айтпай Сисенов өзіне қарасты №16 сайлау округінің мектеп оқушыларына «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көрсетті. Шара «Ира» мейрамханасында өтті. Халық қалаулысы тұрмыс жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі 16 оқушыға мектеп формасын, спорттық киім, сөмкесі және құрал-жабдықтарын алып берді.

Кәсіпкер - бұдан бұрын да көмек сұрап келген жандардың бетін қайтармай, қол ұшын беріп, қайырымдылық жасауда алдына жан салмай жүрген «Атымтай жомарт» азаматтардың бірі. Ол балаларымен бірге еріп келген ата-аналарға өзінің өмірлік жолынан үлгі аларлықтай оқиғаларды баяндай отырып, бала тәрбиесінің өзгеше бір қырын көрсете білді.

«Менің кейінгі ұрпаққа артар сенімім мол. Қазақ әуелден жетім-жесірін жылатпаған халық қой. Жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек қолын созуды өзімнің азаматтық міндетім деп есептеймін. Бүгінгі әрбір жас сәби - еліміздің ертеңі. Баланы ертеңгі күні өзгенің алдында алақан жайып жүрмесі үшін жастайынан бір кәсіптің көзін ашып, болашақта бизнес саласына бет бұруға тәрбиелеу керек. Балаға ақыл айтқан кезде жаздың ақ жауынындай аз-аздан құлағына сіңдіріп айту керек. Нөсер жауын секілді көп айтылған ақылдың баланың санасына әсер ете қоюы екіталай. Кішкентай кезінен өзге жандардан қайырымдылық пен мейірімділікті көріп өскен ұрпақ болашақта да өміріне соны сабақ етіп, жақсылыққа жаны құмар азамат болып өседі» деді.

deputat2

Қайырымдылық пен қатар өнегеге толы бір жиын болды. Ата-аналар да, балалар да риза.

Сондай-ақ ата-аналар тарапынан алғыс айтудан бөлек, қыс мезгілінде де киім-кешекпен көмектессеңіз деген ұсыныстарын білдірді.

Ш.Хамитова

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика