Әдептілік - әдемі киініп жүру емес

Әлемдегі барлық елдердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Қоғам мемлекеттік қызметшінің күш-жігеріне, білімі мен тәжірибесіне, атқаратын кәсіби қызметіне арқа сүйейді. Ол өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. Сондықтан халық алдындағы жауапкершілікті әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білуі керек.

Мемлекеттік қызметшілер, ең алдымен, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алып, қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге міндетті. Сол арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді.

Тұрғындардан келіп түскен өтініштерге сәйкес белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға, адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі тиіс.

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі қоғам мен азаматтардың сенімін оятады. Соның нәтижесінде адамдар арасында мемлекеттік қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас қалыптасуы қажет.

Мұндай сенім мен құрметке жету, әрине, оңай емес. Ол үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар.

Яғни, қызметшінің бойында кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеті қатар тұруы керек. Сондықтан да бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік - мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Бұл халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен әділдігіне деген тұтас қоғамның сенімін арттырады. Онсыз халықпен жұмыс жасау қиынға соғады.

Тіпті, қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын бір сәт те естен шығармауы тиіс. Өйткені әрқайсымыз жұмыстан бос мезгілде өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымызға жауапты екенімізді, кез-келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау - қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болатынын ұмытпағанымыз абзал.
Талғат Хабибуллин, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT