#ЗАҢМЕНТӘРТІП
31 қаңтар күні Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаевтың қатысуымен департаментте жеке құрамға саптық жиын өткізілді. Осы орайда, полиция қызметкерлері көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді.
- Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында біз қызметтің күшейтілген түрінде қызмет атқарып, азаматтарға қауіпсіз, әрі жайлы жағдай жасау үшін барлық шараны қамтамасыз ететін боламыз. Құқық қорғау қызметкерлері және жеке күзет ұйымдарының басшыларымен қоғамдық жерлерде бақылауды күшейту бойынша құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасалуы қажет, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев.
Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндетін абыроймен атқарып, азаматтардың құқығын қорғауға және елдің өркендеуіне қосқан үлесі үшін қызметін қырағылықпен атқарып жүрген өңірдің тәртіп сақшылары алғыс хатпен марапатталды.