ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Бүгінгі күні қоғам мемлекеттік қызметшілерден біліктілігімен қатар олардың әдептілігін, адалдығын, адамгершілік қасиетін және жоғары мәдениеттілігін талап етеді.

Осы тұрғыдан алғанда, Әдеп кодексі қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсінуде және қолдануда ерекше маңызға ие. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану болып табылады. Осы қасиеттер заманауи мемлекеттік қызметшілердің болмысынан көрініп тұруы керек.

Қоғамдағы әр адамның өзара қарым-қатынасы белгілі бір әдеп нормаларына негізделеді. Әдеп – адамдардың мінез-құлқын реттейтін, қоғамда үйлесімділік пен тәртіпті қамтамасыз ететін маңызды құндылықтардың бірі. Ол сыпайылық, құрмет, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қамтиды және жеке тұлғаның мәдени деңгейін айқындайды.

Бүгінгі күнде қоғамда қарым-қатынастыңкүрделенуі, ақпараттық технологиялардың дамуы, жаһандану үдерістері әдеп нормаларын сақтаудыңмаңыздылығын одан әрі арттыруда. Әдептілік тек жеке адамның беделіне ғана емес, бүкіл қоғамныңтұрақтылығына да әсер етеді.

Кез келген мемлекеттік қызметші жұмыс жәнежұмыстан тыс уақытында да өз іс – әрекеттері мен мінез – құлықтарына жауапты болады. Сол себепті де олардың әр уақытта әдеп қағидаттарын сақтауы қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырады.

Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, әдеп нормаларын сақтау арқылы мәдениетті қоғам құруға үлес қосуы тиіс.

Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту, оның ішінде адал әрі лайықты мемлекеттік қызметшілердің мысалдарын кеңінен жариялау мәселелері елеулі назар аударуды талап етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы әр түрлі құқықбұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан әдеп нормаларын мінсіз сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті болып табылады.

Осы орайда, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.

 

Алмат Теміржанов

Аудан әкімі аппаратының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT