"Дендер" газетінің 90 жылдығына орай облыста конференция өтті

Кеше облыс орталығындағы Ғ.Сланов атындағы әмбебап кітапханада "Дендер" газетінің 90 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференциямызды өткіздік.

Атыраудың ардақтылары Қатимолла Ризуанов, Рәшила Мүрсәлиева, Төлеген Жаңабаев, Бақтыбек Таубаев сынды басқа да игі жақсылар, әріптестер, журналистика факультетінің студенттері қатысып, зал толды. Әсіресе, көрмемізге қызығушылар көп болды.

Конференцияны "Атырау-Ақпарат" медиа холдингінің бас директоры Нұрболат Елеусінов, Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облысы филиалының басшысы, ақын Әлия Дәулетбаева құттықтау сөз сөйлеп ашып,  тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетов, қазақ журналистикасының қайраткері Сүйеу Халықов, "Дендер" газетінің тілшісі Жадыра Наримановалар әртүрлі тақырыпта газеттің өткенімен бүгінін байланыстырып, мазмұнды баяндама жасады.

Шынында да аудандық газет ауданның ғана қамын жеген жоқ. Ондағы Абай, Шоқан, Исатай мен Махамбет туралы, өзге де тарихи-танымдық мақалалар тұтас қазақ қоғамын қамтиды. Ендеше ол газет неге аудандық деңгейде қала беру керек? Сондықтан облыс орталығына бару мақсатымыз да осы. 


Конференциямыздың көркем өтуіне атсалысқан әрі арнайы құттықтаған осы кітапхана директоры Сара Салахадинқызына, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Нұрмұханұлына, барша қатысушыларға, құттықтаушыларға редакция ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.
Әрине, 90 жылдығында алғаш рет облыста өтіп тұрған соң бәрі жақсы қайдан бола қойсын. Ескертпелерді ертеңгі жұмысымыздың себепшісі деп қабылдаймыз.

Жанай Амантурлин

"Дендер" газетінің бас редакторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT