Демалыста шектен шыққандар анықталды

Атырау полицейлері 5-6 шілде күндері карантиндік шектеулерді орындамаудың 130-ға жуық дерегін анықтады.

Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің бірінің жанында орналасқан "Жеміс-жидек сататын дүнгіршек", осы ықшам аудандағы екі бірдей супермаркет, азық-түлік дүкені, самса сату орны, мейрамхана иелеріне қатысты іс-құжаттар жасақталды.

Сонымен қатар, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №52 -ПГВР қаулысының 5 тармағы "сенбі, жексенбі және мереке күндері жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салыну" туралы шектеулерді бұзған 127 азамат анықталды.

Жинақталған құжаттар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдануда.

Атырау облысы Полиция департаментінің

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз