Демалыс күндері шектеу шаралары жалғасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аурудың таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шарасы күшінде қалатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы күресте қоғамның рөлі өте маңызды. Алдын алу шаралары қаншалықты сақталса – жағдай соншалықты жеңіл болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшыларының пайымдауынша, мемлекеттердің үкіметтері белсенді түрде басшылық ету жауапкершілігін алып, ал халық шектеу шараларын сақтап, маска киіп, бұқаралық шараларға бармауы тиіс. ДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесустың ойынша, бұл – соңғы пандемия емес. Тарихтың өзі індеттің өршуі – өміріміздің бір бөлігі екенін ұқтырады. Швейцарияның федеративті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанды азаматтары келген кезінде карантин сақтауы тиіс мемлекеттердің тізімінен алып тастағанын атап өту керек», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Швейцарияға басқа мемлекеттерден келген азаматтар карантинге жатқызылады. Ондағы бұл тәртіп 7 қыркүйектен бастап күшіне енген. ҚР Денсаулық сақтау министрінің айтуынша бұл жағдай – Қазақстанның коронавируспен күресте дұрыс тактиканы таңдап алғанын көрсетеді.

«Аурудың таралуын болдырмай, жағымды динамиканы сақтау үшін бірқатар шектеу шарасы мен демалыс күндердегі локдаундар күшінде қалады», - деді ол.

Дереккөз: Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT