2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) төмендегі тұлғалар ұсынады.
1.Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (соның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары;
2.Банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары мен жұбайлары;
3.Коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары, егер АҚ-да қатысу үлесі (дауыс беретін акциялардың) 25% - дан жоғары және одан көп болса, сондай-ақ олардың жұбайлары;
4. Жеке практикамен айналысатын адамдар;
5. Шетелде мүлкі бар тұлғалар (240.00-нысан ұсыну тәртібіне ұқсас );
6. ДК табысын қоспағанда, дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар;
7.Шетелдік банктерде 1000 АЕК-тен астам ақшасы бар азаматтар; 8.ҚР-да және одан тыс жерлерде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлікті сатып алған тұлғалар.
Б.Сұлтанова,
аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы