Әдебиет пен өнерге деген зор құрмет

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге еңбегі сіңген бір топ азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттап, барша қазақстандықтар алдында құттықтау сөз сөйледі.

  Президент өз сөзінде ұлттың руханиятын дамытып, рухын көтеруде қаламгерлер қауымының ерекше ықпалын айрықша атап өте келіп, ширек ғасырдан кейін «Қазақстанның Халық жазушысы» атағының қайтарылғанын мақтанышпен айтты.

   Расында да бұл жоғарғы марапат көптеген ақын-жазушылардың мәртебесін көтеріп тастады. Оның үстіне, бұл атақтың қайта жаңғырған 25 қазан  - Республика күні қарсаңында табысталуы – ұлтымыздың ғана емес, төл әдебиетімізді өркендетуге үлес қосқан ұлт көшбасшысы - зиялы қауымның да рухын асқақтата түсті.

  Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Қазақстанның Халық әртісі» атағы да қайтарылды. Бұл енді бұрынғыдай театр, кино, музыка секілді өрісі кең өнер саласына еңбегі сіңген елімізге танымал тарландарға берілді.

   Республика күні қарсаңында осындай әдебиет пен өнер саласына маңдай терін сарп еткен қарымды қаламгерлер мен сахна саңлақтарының жоғарғы марапатқа ие болуы – киелі өнерді бағалап, қадірлейбілген барша отандастарымызға деген құрмет деп білемін.

Амандық Сасаев,

мұнайшы-ақын,

Құлсары қаласы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521