Дауыс берушілер легі толастар емес

Түс ауа келген тұрғындар саны да сағат сайын артуда. Оған дәлел, №1 мектепте орналасқан №93 дауыс беру учаскесі. Сағат түскі екідегі ақпаратқа сәйкес аталған дауыс беру учаскесіне 184 адам келген. Жалпы тіркелгендер саны 2676 адам. №93 учаскесіндегі референдум комиссиясының төрайымы Айнаш Байғабылова:

-Жалпы таңертеңгі уақытта адамдар ағылып келе бастады. Түстен кейін өз таңдауын жасайтын тұрғындар одан да көп болады деген сенім мол. Әзірге үйінен дауыс беруге өтініш бергендер жоқ. Кешкі сағат 8-ге дейін тапжылмай қызмет ететін боламыз,-деді өз сөзінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT