Түстен кейін Жылыой ауданы аумағындағы дауыс берушілер қатары арта түскендей. Оған дәлел - Құлсары қаласындағы №1 мектепте орналасқан №93 дауыс беру учаскесіндегі ахуал. Сағат түскі екідегі ақпаратқа сәйкес аталған учаскеге 184 адам келген. Жалпы тіркелгендер саны 2676 тұрғын. №93 учаскесіндегі референдум комиссиясының төрайымы Айнаш Байғабылова:
-Жалпы таңертеңгі уақытта адамдар көптеп келе бастады. Түстен кейін өз таңдауын жасайтын тұрғындар одан да арта түседі деп күтілуде. Әзірге үйінен дауыс беруге өтініш бергендер жоқ. Кешкі сағат 8-ге дейін тапжылмай қызмет ететін боламыз,-дейді ол өз сөзінде.
Е.Ахметкәрім