Қоғамдық пікірталас туғызған еліміздегі АЭС-тің құрылысына қатысты мәселенің түйінін тарқататын күн де келіп жетті. 6 қазанда өтетін республикалық референдумға аудан бойынша 24 дауыс беру учаскесі құрылып, жұмысын бастауға дайын. Соның ішіндегі № 7 Е. Халықов атындағы орта мектепте орналасқан №95 референдум комиссиясының төрайымы Гүлжансара Таңатарова дайындық жөнінде:
-Бұл жердегі референдум комиссиясы жақсы әзірлік үстінде. Бізден 2495 тұрғын дауыс береді деп жоспарлануда. Оның 41-і 18 жастағы қала тұрғыны болса, 350-і зейнеткерлер. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты немесе ерекше жандарға күтім жасау себебімен келе алмайтын азаматтар саны 11 адам. Оларға арнайы жәшікпен қызметкерлер барып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша дауыс беруіне мүмкіндік жасайды,-дейді.
Диана Ізбасарқызы