Күллі ел көз тіккен референдум басталғалы бірден сайлаушылар дауыс беру учаскесіне ағылды. №18 М.Сатыбалдиев атындағы білім ордасында орналасқан №102 дауыс беру учаскесі де ашыла салысымен сағат тілі таңғы 7:03-ті көрсеткенде, алғашқы азамат өзінің таңдауын жасады. Ол ІІІ ықшамаудан тұрғыны Жұмасат Досалиев болды. Жұмасат ағамыз өз сөзінде:
-Кәмелеттік жасқа толғаннан бастап ешбір сайлаудан қалған жоқпын десем де болады. Өйткені, елдің болашағы сарапқа салынған сәтте шетте қалмай, өз дауысымды беру міндетім деп білемін,-деді өз сөзінде.
Жұмасат Досалиев «БатысТехИнвест» ЖШС-де қоғамдық көлік жүргізушісі болып, қала тұрғындарының игілігі үшін қызмет етеді. Ертерек келуінің де бір себебі жұмыстың ерте басталуы екен. Сол себепті дауыс беру учаскесі ашыла салысымен, азаматтық міндетін орындап, өз таңдауын жасады.
Ерназ Алтайұлы