№ 7 Е. Халықов атындағы орта мектепте орналасқан №237 дауыс беру учаскесі өз жұмысын сәтті бастады. Сақадай сай тізілген ұйымдастырушылар мен бақылаушылар алғашқы келген дауыс берушіні құрметпен қарсы алды.
Аудандағы референдумда елден бұрын келіп алғашқы болып дауысын берген Жалғас Жапаров 63 жастағы қала тұрғыны. Ол өз сөзінде:
-Мен осы № 7 мектептің күзет қызметкерімін. Мұнда көптен бері жұмыс жасаймын. Әйелім мүгедек жан, алайда жүріп, тұра алады. Оған үйден дауыс беруге мүмкіндік жасалады деп ойлаймын. Өз басым сайлау сайын дауыс беруге тырысамын,-дейді Жалғас Сарғожаұлы.
Таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастаған № 237 дауыс беру учаскесі бүгін 2000-ға жуық қала тұрғынын қабылдайды деп жоспарланып отыр.
Диана Ізбасарқызы