Дауыс беру. Комиссия мүшесі соңғы мәліметтермен бөлісті

Орталық сайлау комиссиясы таңғы 8:00- ден бастап сайлау учаскелерінің өз жұмыстарын бастап, ондағы сайлаушылар туралы ақпаратты екі сағат сайын ұсынуда.

Соңғы 18:00-дегі сайлау учаскелеріне азаматтардың келу көрсеткіші туралы  кезекті брифинг барысында орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.

 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67.85 %-ды құрады,- деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, әр өңір бойынша жеке тоқталды.

 Абай облысы бойынша – 78,88 %, Ақмола облысы бойынша – 75,82 %, Ақтөбе облысы бойынша – 71,23 %, Алматы облысы бойынша – 70,92 %,  Атырау облысы бойынша – 67,88 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77 %,Жамбыл облысы бойынша – 77,27 %, Жетісу облысы бойынша – 77,08 %,  Қарағанды облысы бойынша – 77,80%, Қостанай облысы бойынша – 77,56 %,  Қызылорда облысы бойынша – 77,20 %, Маңғыстау облысы бойынша – 64,57 %,Павлодар облысы бойынша – 77,12 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46%,Түркістан облысы бойынша – 80,25 %,Ұлытау облысы бойынша – 74,45 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81 %, Астана қаласы бойынша – 48,01 %, Алматы қаласы бойынша – 27,93 %,Шымкент қаласы бойынша – 59,56 %-ды  құрады,-деді ол.

Республикадағы дауыс беру көрсеткіші 18.00 дегі соңғы мәліметтерге сәйкес, 8 млн 108 мың 668 азаматы сайлау бюллетеньдерін алғаны туралы мәлімет айтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз