Референдумға дауыс беру кешкі сағат 8-де тоқтатылып, барлық учаскелер бюллетень есептеуге кірісті.
Сағат тілі 20:00-ден асқан уақытта №18 М.Сатыбалдиев атындағы білім ордасында орналасқан №102 дауыс беру учаскесі де санауды бастап кетті. Соңғы қорытындыға сәйкес, аталған дауыс беру учаскесі бойынша 299 тұрғын дауыс беріп, оның 105-і «иә» деген жауап берсе, 194-і «жоқ» деген таңдау жасаған. Ал, бүлінген бюллетеньдердің саны бесеуден әрі аспады. №102 дауыс беру учаскесіндегі референдум комиссиясының төрайымы Алтынгүл Амангелдіқызы:
-Ешқандай құқық бұзушылықтар орын алмады. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалып, тұрғындар емін-еркін өз таңдауларын жасады,-деді өз сөзінде.
Ерназ Алтайұлы