«Дау-дамайды болдырмау, денсаулыққа жол салу» үшін не істеу керек?

«Дау-дамайды болдырмау, денсаулыққа жол салу» үшін не істеу керек?
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Қазіргі жас ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллингке жол бермеу. Осы орайда Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің психологі Бақтылы Атшыбаева көптеген жұмысты жүзеге асырып келеді. Жақында ұйымдастырылған «Дау-дамайды болдырмау, денсаулыққа жол салу» тақырыбында аудан көлемінде өткен семинар-тренинг – дәл соның айғағы.

Аталған шараға аудандық аналар кеңесінің төрайымы М.Әбдіғалиева, әйелдер ісі және демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымының орынбасары З.Қалмұханова, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Р.Мұқанова және өзге де құзырлы орган өкілдері, колледж мұғалімдері мен студенттері, ата-аналар қатысты.

Шара, негізінен, «Есімдер аллитерациясы», «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлық» жаттығу, «Әке мен бала» (аңыз әңгіме), өмірде кездесетін әр түрлі жанжал түрлерін ситуация түрінде рөлдерге бөліп талдайтын «Ситуациядан шығу», «Топтастыру жұмысы: Зорлық-зомбылықтын түрлерін айту, ассосиация жазу», «Релаксациялық жаттығу. «Теңізге саяхат» атты алты бөлімнен тұрды.

Шара барысында студенттер қоғамда шешімін таба алмай жүрген: жастар арасындағы әлімжеттік, жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелес, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұялы телефонның пайдасы мен зияны сынды мәселерді арқау етіп бейнеролик дайындады.

Оны көрген тренинг қатысушылары аталған мәселелерді шешу жолдарының заңдылық талаптарын түсіндіріп, соған сәйкес қолға алынатын іс-шаралар мен жұмыс жоспарымен бөлісті.

Е.Есенов

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521