"Дастархан" биін мың бұралтқан бүлдіршіндер

  "Дастархан" биін мың бұралтқан бүлдіршіндер
Фото: П.Қизатова

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Өнеріміз саған, Қазақстан» байқауы өтті. Онда «Үздік би» номинациясы бойынша әр балабақшадан шыққан бірнеше би топтары өнер көрсетті.

Соның ішінде «Өркен» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері орындаған «Дастархан» биі көрермендердің жоғары бағасын алды. Мың бұралған биші бүлдіршіндер Сағыныш Иван, Малика Мейрам, Мариям Асылан, Ұлжан Мұраттар биді нақышына келтіре орындап, мағынасын ашуға тырысты. Би өнері – өнер атаулысының күрделі түрі болса, ұлттық биімізді биіктен көрсеткен тәрбиеленушілер осылайша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Балалардың талантын ашып, талабын ұштауына септігін тигізген жетекшісі Гүлжан Жеңсікбаева тәрбиеленушілерінің алдағы уақытта да биіктерден көріне беретініне сенім білдірді.

П.Тәжі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT