Дала өрттеріне дайындық

№7 мектепте Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Кәсіби дайындық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес теориялық және тәжірибелік сабақ өтті.

Мақсаты - жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету, ерікті өрт сөндіру құралымдарына өрт қауіпті маусымы кезінде іс-қимылдарын пысықтау, білімдерін арттыру. Оған кәсіби дайындық мектебінің педагогикалық құрамы, ауылдық округтерде құрылған ерікті өрт сөндіру құралымдарының мүшелері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және Төтенше жағдайлар гарнизонының қызметкерлері қатысты. Сабақ кезінде орман немесе дала өрттері кезінде ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт орнына жеткізу тәсілі тәжірибе жүзінде көрсетілді. Өртті сөндірудің тактикалық және таралу қаупін болдырмау тәсілдері, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз