Өрт қауіпті кезеңнің ұзақтығы ауданымызда шамамен 200 күнді құрайды
Қыс мезгілі кетіп, көктем келді. Осы өрт қауіпті кезеңнің ішінен шамамен екі жоғарғы өртке қауіпті кезеңді бөліп көрсетуге болады. Оның біріншісі - көктемде, ал екіншісі жаздың екінші жартысы мен күзде. Өрт қауіпті кезеңнің ұзақтығы ауданымызда шамамен 200 күнді құрайды, біздің ауданымызға тән климаттық жағдайға байланысты ұзақ уақыт бойы жауын-шашынның болмауынан, аптап ыстықтарда өсімдіктердің тұтануына оңтайлы жағдайлар туындауы мен қатты соққан желдердің болмашы ғана от шоғын өршітуі салдарынан осындай ұзақ уақытты құрап отыр.
Дала өрті дегеніміз - жоспарланбаған, бақыланбайтын өрт болып табылады. Кез-келген абайсыз от, жел әсерінен тез таралып үлкен шығындарға әкелуі мүмкін. Дала өрті әр жерлерде тұтанып, үлкен жылдамдықпен тарайды және оның салдары үлкен аумақты жойып жіберуі мүмкін. Дала өрттерінің пайда болу себептеріне келер болсақ олар; • өртеу;
• сөндірілмеген темекі не сіріңке;
• абайсыз жағылған от; • автокөлік жабдығынан шыққан ұшқын;
• күн сәулесі түсетін жерге тасталған әйнектің сынығы;
• тікелей түскен найзағайдан;
Өрт кезінде бөлініп шығатын түтін мен басқа да зиянды заттар адам денсаулығына және мүлікке айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен қатар жемшөптің, флора мен фаунаның көрікте жерлерін және су айрықтарының қорын жояды. Атырау облысы бойынша 2020 жылы орын алған дала өрттеріне талдау жүргізер болсақ басым көпшілігі Қызылқоға, Исатай және Құрманғазы аудандарында орын алған.
Дала өрттерін алдын алу және жою мақсатында, Төтенше жағдайлар горнизонымен өрт қауіпсіздігінің әр-түрлі тематикасында жүйелі профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда, аталған шаралар аясында аудан аумағындағы қыстақтарда орналасқан шаруа қожалықтарының тізімі жасақталды. Қыстақта орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша, әр аптаның сенбі күндері үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп отырады.
Жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары кезінде (отын, қи жағу арқылы пеш, ошақтар және дизельді тоқ генераторын) пайдаланып отырған тұлғаларға (тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және дала өрттерін болдырмау мақсатында ошақтарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау) жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылуда. Осы бағыт бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.
Құрметті Жылыой ауданының тұрғындары, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, дала өрттерінің алдын-алу мақсатында өрт қаупін азайтуға үлес қосайық.
Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі