Дайындық жұмыстары күшейтілді

Ауданда «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Өңірдің төтенше жағдайға қабілетін арттыруды және ауданның азаматтық қорғау қызметі мен құрылымының тасқынға дайындығын тексеруді көздеген шара 6-7 ақпан күндері ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу барысында бірқатар шектеу шаралары енгізіліп, аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында дабыл сиренасы іске қосылды. Жиынға аудандық орталық аурухана, жергілікті полиция бөлімі, авариялық құтқару қызметі, байланыс звеносы, Құлсары мұнай құбырлары басқармасының құтқару қызметі, «Жылыой тазалық», «Жылыойсу» МКК мен ауданның газ, энергетика, сауда қызметкерлері де қатысты. Құтқарушылар мен жауапты органдардың дайындығын аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сарманов тексеріп, жұмыс қарқынын күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ ол арықтарды, су өткізгіш құбырларды, нөсер кәріздерін және корректорлық-дренажды жүйелерді қалпына келтіруді тапсырды.

Екі күнге созылған оқу-жаттығуда қауіпсіздік шаралары сақталып, шара сәтті өтті.

Д.ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT