COVID-19: ЖЫЛЫОЙДА 4 АДАМ ШАЛДЫҚТЫ

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.

23 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, өткен тәулікте Атырау облысында 83 адам коронавирустан емделіп шықты, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта 220 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 102 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 18, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 400 адам ем қабылдауда.

Соңғы мәліметке сәйкес, Атырау облысында өткен тәулікте 59 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз кенішінен 31 жұмысшыдан, Жылыой-4, Қызылқоға -3, Индер -4, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Айта кетейік, облыс бойынша жасақталған 1225 орындық инфекциялық стационардың 520-ында науқастар ем алуда.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз