COVID-19: ТЕҢІЗДЕГІ 17 ЖҰМЫСШЫ ЖҰҚТЫРДЫ

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 149 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте Атырау қаласынан 101, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 17 адамнан анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 1, Құрманғазы ауданының 5, Мақат ауданының 1, Махамбет ауданының 2 және Индер ауданының 14 тұрғынынан қауіпті індет анықталды.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 68 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 65 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 605 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 23, модульдік стационарда 192, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 83 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 194 адам ем қабылдауда.

Атырау облысы Денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521