COVID-19: Ауданда 4 адамнан вирус анықталды

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 126 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 85 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. Жылыой -4, Махамбет ауданында - 1 адамнан анықталған. Коронавирус инфекциясы бар 75 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 643 адам емделді. Қазір 7 624 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 170, екінші облыстық ауруханада – 176, фтизиопульманологиялық орталықта - 53, кардиоорталықта - 73, т/ж ауруханасында – 83, облыстық ауруханада - 53, жатақханада - 76, аудандық инфекциялық стационарларда – 279 және Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 451 науқас ем қабылдауда. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521