Covid-19: Атырау облысы "сары" аймаққа көшті

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 29 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 8 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды. Құрманғазы ауданында 2 науқас анықталды, Мақат ауданында - 1 жағдай расталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 18 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 209 адам емделді.

Қазір 1 367 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 117, екінші облыстық ауруханада – 99 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 26,
аудандық инфекциялық стационарларда - 89. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 87 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймаққа көшті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз