Coursera платформасы қазақшаланады және курстар тегін болады – Саясат Нұрбек

Әлемдегі жоғары оқу орындары мен студенттерге арналған «Coursera» курстар платформасы енді қазақ тіліне аударылады және тегін болмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Coursera» әлемдегі ең үлкен платформа. Онда 177 жоғары оқу орны 11 мыңға жуық курстарын жүктеген. Бірақ, арзан емес, бір жылдық лицензиясының құны 400 АҚШ доллары көлемінде. Өткен жылы Президент АҚШ-қа сапары барысында аталған компания басшылығымен кездесіп, ынтымақтастық мәселесі сөз болды. Содан соң АҚШ-қа жұмыс бабымен мен бардым. Кездесу барысында платформа басшылығы Қазақстанға жылдық лицензияны 199 доллардан берейік деді. Бірақ, ол жердегі барлық ақпарат пен курстар тек ағылшын тілінде. Сондықтан отандық жоғары оқу орындарымен кеңесе келе, бізге қажет деген 654 курсты сұрыптап, оларды қазақ тіліне аударайық деген ұсыныс білдірдік. Таңдап алынған курстар елімізде мүлдем немесе дұрыс оқытылмайды. Біз осы бастамамен «Қазақстан халқына» қорынан қаржыландыру бойынша қолдау сұрадық», - деді Саясат Нұрбек тілші Нартай Аралбайұлының берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, «Қазақстан халқына» қоры бөлген қаражат курс лицензияларын алуға жұмсалады. «Coursera» компаниясымен келісім жүргізіп, платформа курстарын қазақшаға аударуға көндірдік. Қазақ тіліне аударуға келсек, аталған компанияның Қазақстанға эксклюзивті серіктестігі бар екен, ол ұлттық аударма бюросы. Енді курстар тегін болады»,- дейді ол.

Еске салайық, өткен жылы Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары барысында 100 мың қазақстандық студент Coursera курстарына қол жеткізетіні белгілі болған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521