«CarGoRuqsat» электрондық жүйесі шекарадан кедергісіз өткізеді

Мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық Одақ (ЕАЭО) елдерімен шекарадағы нақты тауарлардың өткізілуіне, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуына, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) алып қою тізбесіне енгізілген тауарлардың әкетілуіне бақылау жүргізеді. Мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау мақсатында ЕАЭО елдерімен арадағы шекара арқылы тасымалданатын жүктердің мониторингін жүзеге асырады.

Осы мақсатта Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері автомобиль өткізу пунктінде тауарға ілеспе құжаттарды тексеруді және мәліметті ақпараттық жүйелерге енгізуді іске асырады. Бұл шекарадан өту кезінде қиындық туғызбайды. ЕАЭО шекарасындағы автомобиль өткізу пунктінде мезгіл-мезгіл көптеген көліктердің біржолғы келуі, жүк ағынының маусымдық ұлғаюы және басқа да себептен жүк таситын транспорт құралдарының кептелісі қалыптасады.

Қазіргі уақытта электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстан және Түркіменстанмен арадағы шекарада іске асырылған және оң нәтиже көрсетіп отырғанын атап өту қажет. Электрондық кезек жүйесін мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ «CarGoRuqsat» онлайн брондау сервисінің отандық әзірлеушілері мен мамандары құрды және қызмет көрсетеді. Сервис цифрлық платформа негізінде іске асырылды Qoldau.kz және тегін.

«CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті – тасымалдаушы азаматтарға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйеде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру. Бұл шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк көліктерінің жиналып қалуына жол бермейді. Мемлекеттік кірістер органына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді.

Ендеше, пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункті арқылы шығуды жоспарлайтын жүк тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет. Ол үшін мына сілтеме бойынша өтуі керек https://cgr.qoldau.kz/ru/start, әрмен қарай «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркеліп, кіру, өткізу пунктін таңдап, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету, жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыруы тиіс. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келуі керек.

Кірістер комитеті келесі автомобиль өткізу пункттерінде cargoruqsat электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлайды: -30.04.2024 жылдан бастап «Құрманғазы» – автомобиль өткізу пункті (Атырау облысы).

М. Мамбетова,

салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521