БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алу қажеттігі туралы хабарлайды

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алу қажеттігі туралы хабарлайды

Зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішті зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі 10 күн ішінде беруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа (ерлер – 63 жас және одан жоғары, әйелдер – 2020 жылы 59,5 жас және одан жоғары) жеткен, Қорда зейнетақы жинақтары бар және зейнетақы төлемдерін алуға өтініш білдірмеген адамдарды БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендіктері туралы хабарлайды. Әсіресе 59,5 жасқа былтыр толған әйелдердің назарын ерекше аударғымыз келеді. Егер олар төлем тағайындауға жыл соңына дейін жүгінбесе, мұны келесі жылы тек 60 жасқа толғаннан кейін ғана жасай алады. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылы ерлермен теңесетіні белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушы өтініш берген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты бірыңғай өтініш беру үшін Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өзіңізге ыңғайлы уақытта жүгіну қажет. Зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішті зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі 10 күн ішінде беруге болады.

Бірыңғай өтініш негізінде алушыға Мемлекеттік кепілдік (инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) төлеу бойынша белсенді қызмет те көрсетіледі.

БЖЗҚ алушылардың Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем емес мөлшерде жүзеге асырылады (01.04.2020 ж. бастап – 17 640,72 теңге = 54% * 32 668).

Егер өтініш берілген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет біржола төленеді (01.04.2020 ж. бастап бұл сома 485 292 теңгеге тең = 12 * 40 441).

Егер кезекті ай сайынғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-ғы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алушының өтініште көрсетілген банк шоттарының біріне бір күн ішінде жүзеге асырады. БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлемдері қазір мынадай жағдайларда:

• Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенде;

• мерзімсіз уақытқа I немесе II топтағы мүгедектік белгіленгенде;

• жерлеу және мұрагерлік;

• ерікті зейнетақы жарналары есебінен – елу жасқа толғанда, сондай-ақ, мүгедектік белгіленгенде жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз.

Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толық ақпарат, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне (өзі келген жағдайда/пошта байланысы құралдары/үшінші тұлға арқылы) байланысты қажетті құжаттар тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініштердің бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхаттардың үлгілері, уәкілетті мемлекеттік органдардың түсіндірмелері БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Садешова Галия,

Құлсары қаласындағы ҚКО бастығы

Атырау облыстық филиалы, "БЖЗҚ" АҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521