БЖЗҚ-дағы жинақты несиені өтеуге пайдалануға болады ма?

Осы сұрақ көпшіліктің көкейінде жүруі мүмкін.

-Сәламатсыз ба, бұдан екі жыл бұрын жұбайым екеуміз ұлымыздың неке тойына деп банктен несие алған едік. Алайда қазір қаржы жағынан қиналып отырмыз. Сұрайын дегенім, БЖЗҚ-дағы жинақтарымыздың бір бөлігін несиені өтеуге пайдалансақ болады ма?

-Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын несиені өтеуге пайдалану мүмкін емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне деген құқығы заттық құқық санатына жатады және заңда белгіленген мақсатқа ғана, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59,5 жасқа толғанда) төленеді. Оларға қоса мүгедектігі бар жандар I немесе II топтағы мүгедектігінің мерзімсіз, яғни өмір бойына тағайындалу уақытына қарай Қордағы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін ала алады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі. Заңға сәйкес Қордағы зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдары арқылы мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік бар. Яғни, 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2020 жылы ол – 38 636 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Жылыой аудандық бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT