БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады


Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні БЖЗҚ кезекті «Ашық есік күндері» шарасын өткізеді. Кездесу тақырыбы – «Цифрлық БЖЗҚ».  

Бұрын хабарлағанымыздай, қызметтердің жалпы көлемінің 93% астамын БЖЗҚ өз сайтында, ұялықосымшасында, автоматты форматта қашықтан көрсетеді. Зейнетақы қызметтерінің барлық дерлік циклі – зейнетақы шотын ашудан бастап төлем алуға дейін – қазіргі заманға сай электрондық технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте БЖЗҚ сервистері үнемі жетілдіріліп отырады: тұтынушылардың сұраныстары мен заманауи трендтерге сәйкес жаңа функциялар мен мүмкіндіктер пайда болуда.

«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысушылархалықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алу үшін Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен  сайттағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлермен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) егжей-тегжейлі таныса алады.

Қор мамандары «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдерінеэлектрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме береді.

Бұдан басқа, бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтарын жауапсыз қалдырмай, қажет болған жағдайда жеке кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда онлайн форматта өтеді.

        Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e778e7727085c4fb89042a32ad8f58a4e. Содан кейін event-кеңестің нөмірін: 2516 420 3995 және event-кеңестің: 12345 құпиясөзін енгізіңіз

         «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде»күтеді!  

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Сайлау

ybory-2023-price

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика