«Бриллиант» салоны ашылды

Қаламызда 3-ықшамауданда сәні мен салтанаты жарасқан «Бриллиант» сұлулық салоны ашылды. Әнші, қазір кәсіпкер ханымға айналған Зәуреш Молхарованың идеясынан туындаған бұл салонда қыз-келіншектерге арналған барлық қызмет көрсетіледі.

– Кішкене күнімнен өмірім өнермен ұштасып жатса да, армандарым көп болатын. Армандарымның бір парасы Алланың қалауымен орындалып жатыр. Әрине, жолдасым Нұржанның да қолдауымен жүзеге асқан жоба бұл. Ол қашанда мені қолдап, қорғап, арманымның орындалуына себепші болып келеді. Сұлулық салонын қосымша табыс көзі болсын жəне осы салада болашақта икемі бар, 14 жастағы қызымыз Дильназ отбасылық кәсібімізді жалғастырады деген оймен ашып отырмыз. «Даму» бағдарламасымен немесе банктерден несие алған жоқпыз. Кәсіпті жолдасымның маңдай терімен, жылдар бойы жинаған қаражатымен бастап отырмыз, - дейді сұлулық салоны иесі Зәуреш Молхарова.

Жалпы сұлулық салоны 9 маманға арналған. Қазіргі таңда 3 адам ғана жұмыс жасауда. Əлі де жақсы ерлер мен əйелдер шаштараз мамандарын іздестірудеміз. Қазіргі дамыған заманауи үлгідегі қызмет түрлерін барлығы да күтіп жүр жəне сұрайды. Сұлулықты жандары сүйетін қыз-келіншектер үшін заманауи үлгідегі қызмет түрлері көрсетіледі.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT