БРАКОНЬЕРЛЕРДІҢ БАСЫНА БҰЛТ ҮЙІРІЛДІ

Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Нұржан Жетеновтың хабрлауынша, қазан айының 20-сы күні аудан аумағында «Браконьер» атты жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Ол алдағы қараша айының 19-ына дейін, яғни бір ай бойына жалғасатын болады.

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес өтіп жатқан шараның басты мақсаты: табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылар мен биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу, экологиялық құқық бұзушылықтарды ашу болып табылады.

-Жедел іс-шараны ұйымдастыру мақсатында бөлімнен арнайы штаб пен оның жанынан тұрақты жұмыстарды талдау тобы құрылды. Оған жергілікті полиция қызметінен бастап, әкімшілік, қылмысты іздестіру, тергеу бөлімшесі, бөлімнің өзге де құрылымдарының қызметкерлері жұдырықтай жұмыла кірісіп, бірлесіп әрекет ету үстінде. Бұл ретте аңшылық шаруашылықтар мен жайылымдарға, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға кіріп, оны қорғау үшін бірлескен ұтқыр мобильдік топтар жасақталды. Олар табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және оны заңсыз пайдалану деректерін әшкерелейтін болады, - дейді полиция майоры Нұржан Есбосынұлы.

Е. БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT